АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Жеке зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірменің түрлері туралы

 

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі  туралы бірнеше тәсіл арқылы білуге болатынын естеріңізге салады, атап айтсақ:  

  • Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тіркелген ЖСН мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте».
  • Жүйеде авторланып алғаннан кейін Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.

«Жеке кабинет» пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшін «Интернет» ақпарат беру әдісін таңдау қажет. Бұл әрекетті enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлімінде ЭЦҚ көмегімен онлайн арқылы аласыз.

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені БЖЗҚ ұялы қосымшасынан немесе enpf.kz сайтынан ала отырып, салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарының жай-күйі, яғни түскен жарналар мен инвестициялық кіріс туралы толық ақпаратты көре алады.

  • egov.kz электрондық үкімет порталында mgov.kz мемлекеттік мобильді деректер қорында тіркелген телефон нөміріне келетін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль көмегімен алуға болады.

Сіздің назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзінді көшірмені екі түрлі форматта алуға болатынына аударамыз:

зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәліметтер инвестициялық кіріс есебінсіз көрсетіледі,

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық кіріс есебі қамтылған ақпарат. Дәл осы себеппен кейбір салымшылар мен алушылар үзінді көшірмелердің аталған екі түрін салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көреді.

Сізге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебі көрсетілген үзінді көшірмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берілетін үзінді көшірмені алуға кеңес береміз. 

Сондай-ақ үзінді көшірмені жылына бір рет зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ЖЗШ ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға, сонымен бірге  электрондық пошта мекенжайына өзіңіз таңдап алған кезеңділікпен алуға болады.

            Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз Сіздің меншігіңіз болып есептеледі. Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемін алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып,  олар аударған міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталатынына кепілдік береді (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).