Сіздің назарыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері,оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2020-2022 жылдарға арналған Ақсоғым ауылдық округінің азаматтық бюджеті ұсынылады.

Осы құжат келесі тарауларды қамтиды;

-бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

- аудандық маңызы бар ауылдың бюджетін жоспарлау

- бюджетті атқару.

Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы  № 15 «Бюджеттік  жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті  жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген.

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы.

Ауыл бюджеті жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы  Қаржы министрлігінің  2017 жылғы  21 тамыздағы  № 507 «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің  2014 жылғы 31 қазандағы №470 қаулысына өзнерістер енгізу туралы» бұйрығына  сәйкес әзірленеді.

2020-2022 жылдарға арналған Ақсоғым ауылдық округ бюджеті;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV  Бюджет кодексіне;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы  10 желтоқсандағы № 99-IV  Салық кодексіне;

2020-2022 жылдарға арналған Ақсоғым ауылдық округі бюджеті әлеуметтік-экономикалық даму болжамына  сәйкес қалыптастырылған.

2020-2022 жылдарға арналған Ақсоғым ауылдық округі бюджеті 38047,0 мың тенге

Ақсоғым ауылдық округінің бюджетін жоспарлау. 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық бюджетінің негізгі параметрлері

 

2020

2021

2022

Түсімдер

               38047

31935

32241

Түсідер,соның ішінде:

3593

1225

1531

Салықтық түсімдер

3593

1225

1531

Салықтық емес түсімдер

0,0

0,0

0,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер

0,0

0,0

0,0

Трансферттердің түсімдері және кредиттерді өтеу

34454

30710

30710

Субвенция

34454

30710

30710

Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

Бос қалдықтар

0,0

0,0

0,0

Шығыстар

38047

31935

32241

 

ТҮСІМДЕР

2020-2022 жылдарға арналған Ақсоғым ауылдық округі бюджетінің түсімдер бөлігі өткен жылдардағы еңбек ақының өсуі мен түсімдер серпіні,2020 жылға кірістерді бағалау,Қазақстан Республикасының салықтық және  басқа да заңдамаларына енгізілген соңғы өзгертулер есебімен ,орта мерзімдік  кезеңге өңірлік және макроэконмикалық көрсеткіштер параметрлерінің болжамдық базасында анықталған. Үш жылға түсімдер ауыл бюджетінің негізгі кіріс көздері: жеке мүлікке салынатын салық,жер салығы және көлік салығы,коммуналдық мүліктерді жалға беру,жарнама үшін төлемдер және де өзге де салықтық емес түсімдер болып табылады.

2020-2022 жыдардағы Ақсоғым ауылдық округі бюджетінің өз кірістері, мың .тенге.

2020 жылға салықтық түсімдер - 3593,0 мың тенге

2021 жылға салықтық түсімдер -1225,0 мың тенге

2022 жылға салықтық түсімдер -1531,0 мың тенге

 

ШЫҒЫСТАР

2020-2022 жылдарға арналған ауылдық бюджеттің шығыстары  Мемлекет басшысының  Қазақстан халқына Жолдауының,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының іс шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ