Жыл басынан округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны -26 жанұя, 130 адам. Соммасы – 1398,8 мың теңге.

2019 жылға округ бюджеті 26735,0 мың теңге болып бекітіліп отыр.   Балалар ойын алаңына 15254,0 мың теңгеге балаларға арналған ойын құралдары орнатылды.Көшелерді жарықтандыруға 1127,0 мың теңге.

Қыс мезгілінде ауылішілік жолдарды тазартуға ЖК «Бақыт» арқылы 825 мың теңге бөлініп, атқарылды. Өңірлерді дамытуға 1267,0 мың теңге. Бюджеттің игерілу пайызы-99,0 пайызды құрап отыр.

Қолма- қол бақылау шотына – 668,6 мың теңге түсіп отыр.

«Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін  және кері алып келуді тегін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 858 мың теңге.

Баннерлерді техникалық қамтамасыз ету үшін-250 мың теңге жұмсалды.

Ағаш көшеттерін сатып алу үшін -217,2 мың теңге.

Восход ЖОББМ-не электрлік материалдарына (кабель) 32 мың теңге жұмсалды.

Округте 12 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды. Оның ішінде: жолаушыларды тасымалдаумен – 2 адам айналысады, мал шаруашылығымен  - 9 адам, азаматтық құрылыстың өзге де объектілерін салумен  - 1 адам  айналысады.

Округ бойынша мал басы мен құс саны:

МІҚ –2714 бас. Оның ішінде 1006 бас сиыр бар.

ҰМҚ-6177  бас.Осының, 3829 бас- аналығы.

Жылқы малы- 1756 бас. Осының 763 басы бие.

Құс – 822 бас.

Жаз айларында  жеке тұрғындары мен шаруа қожалықтарындағы мал басына қажетті жем-шөп ұйымшылдықпен дайындалып, уақытында тасылып алынды.   Оған округ бойынша  40 дана трактор қатынасып, қажетті 12100 тонна шөп көктей тасылынып алынды.  Сібір жарасына қарсы  2800 бас ірі қара, 7200 бас  ұсақ   малдарға,1150 бас жылқы егілді. Қарасан  ауруына  қарсы 2400 ірі қара  малға, постерелез  ауруына  қарсы 1300 бас  ірі қара, 1400 бас  ұсақ  малдарға, 70  бас жылқыға вакцинация  жасалынды. Ірі қара малынан 4300, ұсақ мүйізді малдардан 8058 қан сынамалары алынды. Нәтижесінде округ  бойынша ірі қара малынан 59  бас бурцеллез, қой малынан 3 бас  бурцеллез бар екені анықталып, мал сою орындарына уақытында тапсырылды. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 22 басқа  бурцеллездің  азайғандығын  көрсетеді. Сырғалау жұмыстары   бойынша - бұзау  1127  бас  сырғалынып , мал дәрігерлік паспорт толтырылып,  2872 бас қозы-лақ  сырғаланды.

Жыл бойына жұмыспен қамту бөліміне  жолыққандар-72 адам, жұмысқа орналасқандар саны-25, кәсіптік оқуға жіберілгендер саны-10, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-16,жастар тәжірибесіне қатысқандар-2.

Округте  сумен жабдықтаудың бір түрі бар - орталықтандырылған. Ішкі сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 29238 метрді құрайды.Соның ішінде Ақсоғым ауылынан 15167 метр «Теректі Таза Су» ЖШС сенімгерлік басқаруға  берілді. Бозай ауылынан 14071 метр «Теректі Таза Су» ЖШС сенімгерлік басқаруға  берілді. Үлкен Еңбек ауылына орталықтандырылған таза ауыз су жүйесін өткізу бойынша ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) әзірленуде. Мердігер «Строительная группа» «Архитектор»» ЖШС.

ЖСҚ құны 2,550 мың. теңге. 2021 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесі толықтай іске қосылып, тұрғындар 100 % орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Табынбай елді мекені жеке аулаларындағы құдықпен тұрмыстық қажеттілікке пайдаланады. 

Ауылдық округ бойынша 3 ауыл газдандырылған. Ақсоғым ауылында қазіргі таңда 142  тұрғын үйдің 91-ы ,Табынбай ауылында 16 тұрғын үйдің 15-і, Макпал елді мекенінде  8 үйдің 7-і, Үлкен Еңбек ауылында 108 тұрғын үйдің  55-і газға қосылды.

Электрмен қамту орталықтандырылған. Барлығы: 4 елді мекен. Ұзындығы – 113 км құрайды.  Тозығы жеткені – 93 %. Округ бойынша КТП саны – 14 құрайды. Тозығы жеткені – 65 %. Ауылдық округ бойынша Ақсоғым ауылында (0,4 кВт – 8,71 км) 29 дана, Үлкен Еңбек ауылында(0,4 кВт – 7,69 км) 12 дана, Бозай ауылында (0,4 кВт – 2,97 км)12 дана, Табынбай ауылында(0,4 кВт – 2,5км) 3 дана шам бар.

Жыл басынан бері осы күнге дейін 3471 тонна күл-қоқыс шығарылды.  Ағымдағы жылы «Есентаев»  ШҚ-ғы Үлкен Еңбек ауылынан 144 487 теңгеге 485 тонна иесіз күл-қоқысты ауыл сыртындағы тұрмыстық қалдықтар жинау орынына  шығару жұмыстарын жүргізді. Сенбілік  уақытында шығарылған қоқыс 18,7 тонна, 195 түп ағаш көшеттері(25 түп Қырым қарағайы, 25 түп пирамидалдық тораңғы, 100 түп қараағаш, 25 түп көктерек, 20 түп скумпия) отырғызылды.

2019 жылы ауылдық округ аумағында 12 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 11 ашылды(92%).

Әкімшілік заң бұзушылық бойынша 106 хаттама толтырылып, 37 адамға айыппұл соммасы – 364359 тенге, оның ішінде 29 адамнан айыппұл салынып өндірілгені – 295425 тенге, өндірілу пайызы 81% құрап отыр. Мүлік, мал ұрлығының алдын алу және мүлдем төзбеушілік бойынша 7 кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

Биыл атқарылатын жұмыстар:

-         Ауылшаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыны тарту арқылы мал шаруашылығы өнімдерін және мал басын көбейту;

-         «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту;

-         Округ аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

-         Шағын футбол алаңының құрылысын жүргізу;

 

 

 

Ақсоғым ауылдық округі әкімі                             А.Ахметов