«Ақсоғым ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық  құрылысы туралы» Заңының 16-бабына сәйкес 30.10.2021 жылы сағат 15:00-де келесі мекенжай бойынша:БҚО, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылы Қазақстан көшесі 14, ауылдық клуб ғимаратында жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілетінін хабарлайды.

Күн тәртібінде: «Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі аудандарының және Бәйтерек ауданының шекараларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы.

Мүдделі тұлғалар қаулы жобасы құжаттарымен Теректі ауданы әкімдігінің сайтында www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty?lang=kk НҚА бөлімінде таныса алады.