Ақсоғым ауылдық округі әкіміМ.Дуйсенгалиевтің 2021 жылыатқарған жұмыстары туралы есептік баяндамасының

ТЕЗИСТЕРІ

  

Ақсоғым ауылдық округiнде 4 елдi мекен:  Ақсоғым, Үлкен Еңбек, Бозай, Табынбай ауылдары орналасқан. Ақсоғым ауылында 147 үйде – 607 тұрғын, Үлкен Еңбек ауылында 102 үйде – 429 тұрғын, Бозай ауылында 51 үйде – 201 тұрғын және Табынбай ауылында 17 үйде – 64 тұрғын бар. Халық саны 2022 жылдың 1-қаңтарына  1301 адамды құрады. Округ аумағында   2 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп, 3 МП,  2 ауылдық клуб, 3 кiтапхана, 43 шаруа қожалығы, 5 ЖШС, 3 АӨК, 16 жеке кәсіпкер жұмыс iстейдi.

 

Бюджет

Есепті кезеңде,  округ бойынша – 1,674 млн. теңге (жоспар 993,0 мың) салық жиналды, оның ішінде: мүлік салығы жоспар – 37,0 мың теңге болса, орындалғаны – 8,1 мың теңге, немесе – 22%. Жер салығы жоспары – 49,0 мың теңге болса, орындалғаны – 24,6 мың теңге, немесе 51%. Жеке тұлғалардың көлік салығы жоспары – 748,0 мың теңге, орындалғаны –1,6 млн. теңге, немесе –220%. Жеке табыс салығы – 100,0 мың теңге. Аталған салық түрлерінің жоспары толық орындалды.

 

Ауыл шаруашылығы саласы. 

 Округ аумағында барлығы 43 шаруа қожалығы, 5 ЖШС(жауапкершілігі шектеулі серіктестік), 3 АӨК (ауылшаруашылық өндірістік кооперативі), 16 жеке кәсіпкер тіркелген. 2022 жылдың қыс маусымына жетерлік мал азығы даярланды. Округтегі   мал санына келсек, мүйізді ірі қара – 3529, қой-ешкі – 8456, жылқы – 2467, құс – 1179. Ауылшаруашылық жануарларының саны былтырғы жылмен салыстырғанда өсім бар. 2021 жылы ауылшаруашылық жануарларын тұқымдық түрлендіру мақсатында ауылшаруашылық құрылымдары 21 бас асыл тұқымды өндіргіш бұқалар және техникаларды жаңарту мақсатында жаңа 2 МТЗ тракторы,  6 шөп жинаушы (пресс подборщик) сатып алды.

 

Құрылыс саласы.

Үлкен Еңбек ауылының тұрғындарын «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесін салу жұмыстары 2021 жылы басталды. 2022 жылы аталған жоба іске қосылып, тұрғындарға толықтай орталықтандырылған ауыз су қосылатын болады.

Үлкен Еңбек ауылына  медициналық пункт ғимаратын салу бойынша қазіргі таңда меншік құқығын беретін жер учаскесі актісі жасалды. Қаржыландыру  жоспарына сәйкес 2022-2023 жылдары аралығында жүргізіледі, жоба құны 55,0 млн. теңге.

Бозай ауылын газдандыру бойынша ЖСҚ(жобалық сметалық құжат) жасақталды. Қазіргі таңда «Алия Сервис» ЖШС-гі жоғары және орта қысымды трассасын қазу жұмыстары жүргізізілді. Ауылішілік газ трассасына тұрғын үйлерді қосу бойынша 2022 жылы жоба жасақталып, тұрғын үйлерге қосу жұмыстары жүргізілетін болады.

Үлкен Еңбек ауылына  «Билайн» ұялы байланыс мұнарасы орнатылды.

Ақсоғым ауылына «Актив» ұялы байланыс мұнарасы орнатылды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында Ақсоғым ауылының көшелеріне жаңа 100 дана светодиодты шамдар орнатылды.

 

Мәдениет және спорт саласы.

Округте халыққа қызмет көрсететін Ақсоғым , Үлкен Еңбек ауылдық клубтары мен ауылдық кітапханалар жұмыс істейді, бұдан бөлек  домбыра және қобыз үйірмелері, «Ақ Отау» әжелер ансамблі жұмыс істеп, халыққа қызмет етеді.       

Білім саласы бойынша.

Округ аумағында орналасқан Восход НББМ, Еңбек НББМ және Таран бастауыш мектеп ұжымы жас ұрпаққа сапалы білім берумен айналысады. Осы мектептерде барлығы 50 мұғалім 126 мектеп оқушысына  білім  беруде. Аталған мектептердің оқушылары республикалық, облыстық және аудандық әртүрлі байқауларда жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Денсаулық сақтау саласы. 

Округ бойынша 3 медициналық пунктте ауыл тұрғындарына 3 ауылдық фелдшер қызмет етіп, халыққа қызмет көрсетуде.    

Ақсоғым ауылдық округі бойынша коронавирустық инфекцияның кең таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында өткен жылдың басынан түрлі шаралар атқарылды. Ақсоғым ауылдық округі бойынша вакцинациялауға жататын 634 тұрғынның 406-ы ( яғни 64%) екпе алды ( соның ішінде өзге аймақтардан вакцинация алған саны 34 адам).

Жастар мәселелері бойынша. 

Жалпы, округте 14 пен 29 жас аралығында  215 жас тіркелген. Студенттер саны – 26, оқушылар -28, жас отбасылар – 17, жеке кәсіпкерлер – 4, NEET санатындағылар – 4. Оның ішінде 17 жас волонтерлер есебінде, яғни, қоғамдық іс-шараларды ақтарушы жастар ретінде тіркелген. Олар көбінесе, ауыл қарттарына, жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедек жандарға үй шаруасында көмек көрсетіп келеді.

Құқық қорғау саласы. 

2021 жылы ауылдық округ аумағында 5 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 5-і ашылды(100%). Оның ішінде алаяқтық фактісі бойынша 2 қылмыс, ұрлық фактісі бойынша 1 қылмыс,  заңсыз қару сақтағаны үшін 1 қылмыс, абайсыздығынан кісі өлтіру бойынша 1 қылмыс тіркелді.

Әкімшілік заң бұзушылық бойынша 133 хаттама толтырылып, 399,6 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың қазіргі таңда 370 459 теңгесі өндірілді. Өндірілу пайызы 93% құрап отыр.

           

Санитарлық тазалық бойынша Елді мекендердегі санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары үнемі жалғасын табуда. Ақсоғым ауылдық округі бойынша жергілікті мекемелердің, тұрғындар күшімен, санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды. 2021 жылдың сәуір айында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» біріңғай акциясына округ бойынша ауыл тұрғындары, мекемелер қатысып, барлығы 72 түп көшет отырғызылды. Санитарлық тазалау жұмыстары бойынша 1024 тонна күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Табынбай, Үлкен Еңбек Бозай және Ақсоғым елді мекендерінің кіре беріс жолдарына қызмет көрсету, жолын күтіп ұстауды «Астро-Дор» ЖШС жүргізеді.

 

Әлеуметтік сала бойынша. 

Ақсоғым ауылдық округінің тұрғындар саны – 1301 адам, оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 798, экономика саласында жұмыс істейтіндер саны – 509.

Жыл басынан балалар жәрдемақысы 9 отбасы өтініш білдіріп, осы отбасыларына 2 864 000 теңге жәрдемақы төленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының мақсаты барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 3 азамат жіберілді.

2. Ауыл тұрғындарынан 23 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 2 азамат.

4. 2021 жылы мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 7 адам ие болып, 4,090 млн. теңге берілді Олар өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын атқаруда. 

Арыз-шағымдардың орындалуы. 

Есепті жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына барлығы – 6 электронды өтініш келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан – 5, заңды тұлғалардан - 1. Округ әкімінің жеке қабылдауына әртүрлі мәселелермен 28 адам қабылданды.

2022 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары:

1.Ақсоғым ауылына «Билайн» ұялы байланыс мұнарасы орнату

2.Барбастау-Индер трассасынан Ақсоғым ауылына дейін 7 км. кіреберіс жол құрылысы жұмысын жүргізу

3.Жайық-Жезбұға каналын іске қосу

4.Бозай ауылына ауылішілік газ трассасына тұрғын үйлерді қосу

5.Үлкен Еңбек ауылына негізгі білім беретін мектеп салу

6.Үлкен Еңбек ауылына медициналық пункт ғимаратын салу.

7.Үлкен Еңбек ауылының «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында тұрғындарына орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесін қосу