Дуйсенгалиев Муфтах Ғұмарұлы 1962 жылы Теректі ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсірді. Ұлты қазақ. Жоғары білімді – заңгер. 1979-2007 жылдары  әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, Қазақстан Республикасы ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан. 2007-2009 жылдар аралығында «Борышкерлермен жұмыс бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға инспекторы. 2009-2010 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының 28 өрт сөндіру бөлімінің жетекші маманы болып қызметтер атқарды. 2010-2017  жылдар аралығында Ақжайық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2021 жылдың мамыр айынан Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округі әкімі лауазымына сайланды.