«Ақсоғым селолық округі әкімінің аппараты» ММ  2018 жылғы 16 шілде күні Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» , 2013 жылғы 21 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес,   жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні жөнінде хабарлайды.

 

Күн тәртібінде: Ақсоғым селолық округі Ақсоғым ауылы көшелеріне қайта атаулар беру және Ақсоғым ауылындағы Восход жалпы орта білім беретін мектебіне қайта атау беру, сондай ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелер.

Өтетін орны және уақыты:

16-шілдеде: Ақсоғым  ауылдық клуб, сағат 11-00 де.

 

Ақсоғым селолық округінің әкімі