Көше атаулары өзгертілетін болды. 

2018 жылдың 16 шілдесі күні Ақсоғым селолық округіне қарасты Ақсоғым ауылында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы №138 Қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, сондай ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы оздырылды.


Ауылды 10 көше бар. Олардың атауларын орыс тілінде айтылып, жазылып жүруіне байланысты қазақ тілінде атау және Восход ЖОББ мектебін- Ақсоғым ЖОББ мектебі деп атау туралы ұсыныс- пікірталастан соң өзгеретін көше атаулары дауыс беру арқылы анықталды.

1) «Казахстанская» көшесіне               – «Қазақстан» көшесі

2) «Женис» көшесіне                             - «Жеңіс» көшесі

3) «Утемисова» көшесіне                      - «М.Өтемісов» көшесі

4) «Есенжанов» көшесіне                      - «Х.Есенжанов» көшесі

5) «Тұрмыс»  көшесіне                          - «Жаңа тұрмыс» көшесі

6) «Акжайык» көшесіне                        - «Ақжайық» көшесі

7) «Алтынсарин» көшесіне                   - «Ы.Алтынсарин» көшесі

8) «Интернациональная»көшесіне       – «Бейбітшілік» көшесі

9) «Исаев» көшесіне                               - «О.Исаев» көшесі

10) «Молдагалиева» көшесіне               - «Ә.Молдағұлова» көшесі деп қайта атаулар беру  және Восход ЖОББ мектебін- Ақсоғым ЖОББ мектебі деп атау туралы шешім қабылданып, хаттамамен бекітілді.

Нақты шешім қабылдау үшін тиісті құжаттар мен деректер жинақталып, облыстық ономастикалық комиссия қарауына жолданады.

 

Ақсоғым селолық округі әкімі аппараты