16 шілде 2018 жыл                                                            Ақсоғым ауылы

Сағат. 11-00

Ақсоғым ауылы көшелерін  және Восход жалпы орта білім беретін мектебі атауын қайта атау туралы жергілікті қоғамдастық жиынының

хаттамасы. 

 

Қатысқандар: Жергілікті қоғмдастық кеңесі мүшелері, ауыл тұрғындары, мекеме басшылары барлығы  111 адам, оның ішінде ересектер 102 адам.

Күн тәртібінде:

1. Ақсоғым ауылы көше атауларын қазақ тілінде қайта атау.

2. Ақсоғым ауылындағы Восход жалпы орта білім беретін мектебі атауын қайта атау.

Жиналыс төрағасы: Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Т.Т.Кудашев

Жиналыс хатшысы: Жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшесі – К.С.Есетова

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиналысты ашқан жергілікті қоғамдастық кеңесі төрағасы Т.Т.Кудашев 2018 жылдың 15 маусымында «Теректі жаңалығы» газетінің №24 санында хабарланғандай ауыл тұрғындарына Ақсоғым ауылындағы көше атаулары бұрыннан келе жатқандығын және олардың көбісі орыс тілінде  айтылып жүргенін айта келіп ауылдағы көше атауларын қазақ тілінде нақтылау және қайта атау туралы ұсынысын білдірді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанына 27-жылға кетті біздің ауылдың көшелері де, балаларға қазақ тілінде  білім нәрін беретін мектепте орыс тілінде жазылып жүргендігін, сондықтан қазақ тілінде қайта атау беру керектігін жеткізді.

Сөйлеушілер- М.К.Жумашев қоғамдық кеңес мүшесі.

Бұл мәселе орынды көтеріліп отыр Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болды бірақ біздің ауылдың көшелері, мектеп аты бұрынғы кеңес уақытындағы атаулармен келеді сондықтан қайта атаулар беру орынды дегенмен халықтың  үй құжаттарында қиындықтар тудырмас үшін бұрынғы орысша атауларын қазақшалап атауды ұсынамын.

 М.Ж.Тлеков- Восход ЖОББ мектебі директоры.

Біздер ұжымда бұл мәселені талқыладық- мектептің Восход аталуы бұрынғы 1965 жылы Восход совхозы құрылған уақытта берілген екен қазір заман басқа мектептін атын қазақи атаулармен қайта атау дұрыс біздер ұжымда  Восход мектебі атауын қазіргі аулдың атауымен Ақсоғым ЖОББ мектебі деп атауды ұйғардық Сіздерде осы ұсынысты қолдайды деген ойдамын.

М.Ж.Ахметов –қоғамдық кеңес мүшесі.

Егеменді ел болып Тәуелсіздігімізді алып отырған 26 жыл ішінде ауылдың көшелері бұрынғы орысша  атауларымен қалып отырғандығы дұрыс емес, бірақ жоғарыда айтылғандай тұрғындарға қиындықтар тудырмайтын жолдарын қарастырған дұрыс. Ал мектеп атауына келер болсақ қазақша атау беру өте орынды мәселе.

К.К.Шайхиев - қоғамдық кеңес мүшесі.

Көше атауларын және мектептің атауын қайта атау өте маңызды, егеменді ел болғаннан кейін елдігіміді көрсететін қазақи атаулар болуы дұрыс, мектеп атауы бұрын 1965 жылы Восход совхозы құрылған уақытта берілген атауымен келеді, көше атауларында қазақтаң белгілі азаматтарының аттарымен аталған болатын бірақ орыс тілінде жазылып жүрді осыларды қазақшалайтын уақыт келді.

Т.Т.Кудашев- Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы.

1. Басқалай сөлеушілер болмаса күн тәртібіндегі көтеріліп отырған бірінші  мәселе бойынша  Ақсоғым ауылының көшелерін

1) «Казахстанская» көшесіне               – «Қазақстан» көшесі

2) «Женис» көшесіне                             - «Жеңіс» көшесі

3) «Утемисова» көшесіне                      - «М.Өтемісов» көшесі

4) «Есенжанов» көшесіне                      - «Х.Есенжанов» көшесі

5) «Тұрмыс»  көшесіне                          - «Жаңа тұрмыс» көшесі

6) «Акжайык» көшесіне                        - «Ақжайық» көшесі

7) «Алтынсарин» көшесіне                   - «Ы.Алтынсарин» көшесі

8) «Интернациональная»көшесіне       – «Бейбітшілік» көшесі

9) «Исаев» көшесіне                               - «О.Исаев» көшесі

10) «Молдагалиева» көшесіне               - «Ә.Молдағұлова» көшесі деп қайта атаулар беру дауысқа салынсын:

Бір ауыздан мақұлданды;  қарсы, бейтарап- жоқ.

2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе Ақсоғым ауылындағы Восход ЖОББМ –Ақсоғым ЖОББМ деп қайта атау дауысқа салынсын:

Қолдаушылар – 99 дауыс, қарсы – жоқ, бейтарап-3.

Көпшілік дауыспен мақұлданды.

Жергілікті қоғамдастық  кеңесі мүшелері және жиналысқа қатысушы ауыл тұрғындары көтерілген мәселерді бір ауыздан қабылдап дауы берді.

Ақсоғым селолық округі жергілікті қоғамдастық кеңесі жиыны шешім қабылдады.

1. Ақсоғым ауылының көшелері жоғарыда көрсетілгендей қайта атаулар берілсін,

2. Ақсоғым ауылындағы Восход ЖОББМ - Ақсоғым ЖОББМ деп қайта аталсын.

 

Жиналыс төрағасы                                                  Т.Т.Кудашев

Жиналыс хатшысы                                                  К.С.Есетова